top of page

Авиатасымалдау

Жүкті авиатасымалдау қызметтері: 


*Жүкті Қазақстан бойынша және бүкіл дүниежүзінде көшбасшы отандық және шетел әуекомпаниялары рейстарымен авиатасымалдау; 
*Авиатасымалдауды алдын ала брондау, жүкті нақты орналасқан жері туралы мәліметтер ұсына отырып, жүкті бүкіл бағыты бойынша ақпараттық алып жүру; 
*Жүкті шығу/келу әуежайына/әуежайына экспедиторлауын ұйымдастыру; 
*тасымалдаудың, өңдеудің және сақтаудың ерекше талаптарын қажет ететін жүктерді (жедел, қауіпті, тез бұзылатын және т.б.) экспедиторлау және авиатасымалдау; 
*Кедендік рәсімдеу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер;  
*Ауырсалмақты және ірікөлемді жүктерді авиатасымалдау; 
*Кез келген бағытта барлық түрдегі чартерлі авиатасымалдауын ұйымдастыру; 
*Транзиттік тасымалдауды ұйымдастыру. 

  Авиатамысалдаудың басқа екі түрдегі тасымалдаумен (жер үсті және теңіз арқылы) салыстырғанда бағасы жоғары болуына қарамастан, авиатасымалдауды пайдалану жеткізу барысында жылдамдылық пен сақталуы маңызды жүктерді (тағам өнімдері, жедел жүктер, қымбат тауарлар, дәрі-дәрмек және т.б.)  жеткізу үшін, жүкті  алыс жерлерге тасымалдау кезінде белсенді қолданылады. Әуе көлігі арқылы тасымалдау жүкті жеткізудің жалпы уақытын қысқартуға мүмкіндік береді және жүкті жер бетіндегі кез келген жерге жеткізу мәселесін шешеді. Мәселе жылдам әрі сапалы түрде жеткізуді талап ететін тауарлар мен жүктің үнемі кеңейіп отырған түрлерінде.  Аталған талаптарға тек қана әуе көлігі сай келеді.  
Бүгінгі таңда авиатасымалдау  — халықаралық жүк тасымалдаудың ең болашақты бағыты. Мінсіз артықшылықтар – жылдамдылық пен сенімділік. Жүкті авиатасымалдау – тасымалдаудың ең заманауи тәсілі, өйткені авиатасымалдау кейде жүкті қажетті орынға жеткізудің жалғыз тәсілі болып табылады.  

  Авиатасымалдау жеткізіліп отырған жүктің жүз пайыздық сақталуын қамтамасыз етеді, ал автокөлік және темір жол тасымалдау барысында күтпеген оқиғалар жиі туындайды. Сонымен қатар, халықаралық авиатасымалдар жеткізу орны күрделі географиялық орналасуына байланысты немесе тасымалданатын өнімнің ерекшелігіне (мысалы, тез бұзылатын тауарлар) байланысты жүкті жеткізудің жалғыз тәсілі болуы мүмкін. Осыдан бірнеше жыл бұрын жүк авиатасымалдау тек қана ірі фирмаларға қол жетімді болған болса, бүгінгі таңда жүкті авиатасымалдау қызметтеріне орта және шағын бизнес өкілдері жүгінетін болды.
 

  Қазіргі уақытта «Zalia Trans» ЖШС-тің қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтай отырып, тек қана ұсақ емес, ірі көлемді де жүктерді авиатасымалдау мүмкіндігі бар. Тарифтерді есептеу жеткізу жағдайлары бойынша талаптарын ескере отырып, ресейлік және шетел әуекомпанияларының  ең қолайлы бағалары бойынша жүргізіледі.

  • тикток
  • вк_edited
  • Instagram
  • Telegram
  • YouTube
  • Facebook

© 2025 TOO "Zalia Trans"

Almaty, Kazakhstan

bottom of page